Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:38, 28 Қазан 2020

Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр

None
None

Kaspi.kz қосымшасындағы ақау жойылды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызмет түрі жұмыс істейді. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, сүйікті клиенттерімізге „Қолдау көрсеткеніңіз үшін рақмет!“ айтамыз. 29 қазан мен 4 қараша аралығында Kaspi QR арқылы Kaspi Gold және Kaspi Red-дан төлем жасаған кезде әрбір сатып алу үшін 5 пайыз бонус береміз», — делінген хабарламада.

Мұның алдында қосымшаның жұмысында техникалық ақаулар боолғаны хабарланған еді. Kaspi.kz өкілдері қазақстандықтардың шағымына жауап бере отырып, ақау тез арада жойылады деп уәде берген еді.

Кейінірек Kaspi.kz шоттағы «ақшаның жоғалуына» қатысты пікір білдірген болатын. Банк клиенттердің ақшасы шоттарында сақталатынын айтқан еді.

Тегтер: