14:33, 17 Ақпан 2025
Каспий құбыр консорциумына дрон шабуылдап, мұнай тасымалдау шектелді
Ресей Федерациясындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) ең ірі мұнай айдау стансасы – Кропоткинская мұнай айдау стансасына дрон шабуыл жасады.
Дрон шабуылынан зардап шеккендер жоқ.
"Консорциум қызметкерлері жедел, келісілген іс-әрекеттердің арқасында мұнай төгілу қаупінің алдын алды", - делінген ақпаратта.
Оқиға орнына КҚК бас директоры Николай Горбанның басшылығымен басқару тобы келген.і.
"Қазіргі уақытта Кропоткинская стансасының жұмысы уақытша тоқтатылған. Мұнай Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры жүйесі арқылы тасымалданады", - делінген хабарламада.
Бұл ретте Қазақстанның Энергетика министрлігі КҚК қазақстандық мұнайды шектеусіз қабылдайтынын хабарлады.