Кәсіпкерлік саласының қарқыны бөлек

Қызылорда облысында шағын кәсіпкерлікті нығайту, орта бизнесті дамыту бағытында "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" іске асып келеді. Яғни, ШОБ-дің банктердегі несиелеріне субсидия, ішінара кепілдіктер беру, шағын несиелер мен мемлекеттік гранттар беру тетіктері қарастырылған.
Мәселен, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, 2023 жылдың 1 қазанда тіркелген ШОК нысандарының саны 108,9%-ға ұлғайып,
саны 75 640-қа, жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны 110,2%-ға ұлғайып, 70 977 бірлікті құраған.
Ал жұмыспен қамтылғандар саны 15,8%-ға артып, 124 376 адамға жетті.
Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 120,9 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 112,4%-ды құрады.
2023 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден
24 млрд. теңге қаралды.
Атап айтқанда, "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде жыл басынан бері жалпы несие портфелі 24,6 млрд. теңгені құрайтын 690 жоба субсидияланды, ал несие портфелі 14,1 млрд. теңгені құрайтын 529 жоба кепілдендірілді.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге (400 МРП) 2,1 млрд. теңге сомасына
1529 жоба қаржыландырылды.
Өңірдегі ауыл кәсіпкерлеріне кредит беруді жүзеге асыратын "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығымен 2,7 млрд. теңге сомасына 358 жоба қаржыландырылды.
Бұдан өзге, Аграрлық несие корпорациясы арқылы 436 жобаға 9,3 млрд. теңге шамасында несие қаржысы берілді.
Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап Аграрлық несие корпорациясы арқылы жастар кәсіпкерлігі мен ауыл тұрғындарына жылдық 2,5 пайызбен 333 жоба 1,4 млрд. теңге бөлінді.
Облыс бойынша "Ауыл-Аманаты" бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында жеңілдетілген тәртіппен жылдық 2,5%-бен шағын несиелер беруді жүзеге асыратын «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамымен
1,6 млрд. теңге сомасына 198 жоба мақұлданып, бүгінгі күні 667,8 млн. теңгеге 84 жоба қаржыландырылды.
Кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 25%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Сыр еліндегі кәсіпкерлік саласы жылдан-жылға қарқынды түрде өсе бермек.
Нұрбек Дәуренбеков
Қызылорда