Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:14

Катарда әскери тікұшақ құлап, жеті адам қаза тапты

П
Фото: Qatar news agency

Катардың әскери-әуе күштеріне тиесілі тікұшақ апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты.

DW мәліметінше, оқиға жоспарлы ұшу тапсырмасын орындау кезінде болған. Алдын ала дерек бойынша, тікұшақ техникалық ақауға байланысты құлаған.

Бастапқыда борттағы алты адамның сүйегі табылып, екінші ұшқыш із-түзсіз жоғалған еді. Кейін оның да қаза тапқаны расталды.

Қаза болғандардың төртеуі – Катар әскери қызметкерлері, ал үшеуі – Түркия азаматтары. Түркия тарапы олардың бірі әскери қызметкер, екеуі Aselsan компаниясының техникалық мамандары екенін мәлімдеді.

Қазіргі таңда апаттың нақты себептері анықталып жатыр. Билік тікұшақ түрі мен миссия сипаты туралы толық ақпарат бермеді.

Айта кету керек, соңғы уақытта Катар және Парсы шығанағындағы өзге елдер Иран тарапынан бірнеше рет шабуылға ұшыраған. Алайда бұл апаттың әскери әрекеттермен байланысы бар-жоғы әзірге расталған жоқ.