Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:20

«Қайрат» Чемпиондар лигасы қарсаңында Әзербайжан клубымен ойнайды

Қайрат ФК

Алматының «Қайрат» футбол клубы маусымның екінші бөлігіне және УЕФА Чемпиондар лигасындағы ойындарға дайындықты бастады.

Үш апталық демалыстан кейін команда клуб базасында жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтті.

4 қаңтар күні таңертең алматылықтар Абу-Дабиге жол тартады. Онда команда 15 қаңтарға дейін оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынның негізгі мақсаты – ойыншылардың оңтайлы физикалық бабын қалыптастыру және алдағы ресми кездесулерге дайындалу.

Оқу-жаттығу жиыны аясында «Қайрат» екі жолдастық матч өткізеді. Атап айтқанда, 9 қаңтар күні команда Әзербайжанның «Нефтчи» клубымен кездессе, 14 қаңтарда Хорватияның «Вараждин» ұжымына қарсы алаңға шығады.

Бұған дейін хабарланғандай, 20 қаңтар күні алматылық клуб Астанада Бельгияның «Брюгге» командасымен ойнайды. Ал 28 қаңтарда Лондонда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы ойынын Англияның «Арсенал» клубына қарсы өткізеді.