Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:41

«Кайрат» Чемпиондар Лигасында «Копенгагенге» есе жіберді

Сатпаев
Фото: ашық дереккөз

«Кайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда сырт алаңда Данияның «Копенгаген» клубымен кездесіп, 3:2 есебімен ұтылып қалды. Матч Копенгаген қаласындағы әйгілі «Паркен» стадионында өтті.

Ойынның 26-минутында Виктор Дадасон алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймда «Копенгаген» басымдығын арттыра түсті:

— 59-минутта Джордан Ларссон пенальтиден гол соқты;

— 73-минутта Роберт есепті 3:0-ге жеткізді.

Тарихи гол — Дастан Сатпаев

81-минутта «Қайрат»-тың 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев Лига Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы атанды. Бұл – оның жарыстағы дебюттік голы. Сонымен қатар, жас талант турнир тарихындағы ең жас үш бомбардирдің қатарына енді (17 жас 110 күн).

Олжас Байбектің голы

Ойынның негізгі уақытының соңында, 90-минутта, Олжас Байбек тағы бір гол соғып, есепті 3:2-ге жеткізді.

Осымен ЧЛ-да «Қайрат» төртінші рет ұтылды. Ал «Копенгаген»  алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Алдағы ойындар

«Кайраттың» Чемпиондар лигасындағы матчтары:

9 желтоқсан — «Қайрат» vs «Олимпиакос» (20:30)

20 қаңтар — «Қайрат» vs «Брюгге» (20:30)

29 қаңтар — «Арсенал» vs Қайрат» (01:00)

Тегтер: