Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:01

 «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті

Қайрат
Фото: ашық дереккөз

 «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің шешуші кездесуіне жолдама алды.

 Словакияның «Слован» командасымен өткен тартысты кездесуде алматылықтар жанкүйерлеріне драма сыйлады.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында «Қайрат» 1:3 есебімен қалып қойғанымен, матчты керемет аяқтап, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Енді «Қайратты» плей-оффта Шотландияның «Селтик» клубымен маңызды ойын күтіп тұр. Алғашқы матч 20 тамыз күні Глазгода өтсе, қарымта ойын 26 тамызда Алматыда өтеді.

Тегтер: