«Кайрат» қақпашысы Анарбеков Мбаппеден озып, ЧЛ-ның рейтингінде үздік нәтиже көрсетті
Футбол әлемінде беделді портал SofaScore UEFA Чемпиондар Лигасының 2025/26 жылғы маусымының жалпы кезеңінің алтыншы турынан кейін футболшылардың статистикасына негізделген жаңа рейтингтерін жариялады.
Осы рейтингте Алматының «Кайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков көш бастады.
Анарбеков жалпы кезеңде төрт ойын өткізді («Пафос», «Копенгаген», «Олимпиакос» және «Интер») және барлық кездесулердегі көрсеткіштері үшін сарапшылардан орта есеппен 8,9 балл алды.
Бұл нәтиже UEFA Чемпиондар Лигасының барлық клубтарының ойыншылары арасында ең жоғарғы көрсеткіш болып есептеледі, тіпті алты матчтың бәрін өткізген футболшылар арасында да.
Рейтинг бойынша екінші орында «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе тұр (8,34). Ал үздік үштікті «Галатасарай» командасының ойыншысы Виктор Осимхен (8,33) аяқтаған. Үздік бестікке сондай-ақ Норвегияның «Бодо Глимт» клубының ресейлік қақпашысы Никита Хайкин (8,1) және ПСЖ командасының португалиялық ойыншысы Витинья (7,92) кірді.
Темірлан Анарбеков бұған дейін UEFA Чемпиондар Лигасында матчтың ең үздік ойыншысы (MVP) атанған алғашқы қазақстандық футболшы болды.
Қазір Темірлан «Кайраттың» жаңа жұлдызына айналып отыр, ал жанкүйерлер мен мамандар оның Еуропалық клубқа, соның ішінде Миланның «Интер» командасына ауысуын белсенді талқылап жатыр.