«Қайрат» Лиссабонда ЧЛ-дағы «Спортингке» қарсы алғашқы матчын өткізді

Алматылық «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын Португалияның атақты «Спортинг» командасына қарсы өткізді.
Матч тартысты басталып, қазақстандық клуб жанкүйерлеріне ерекше сәт сыйлады.
Бірінші таймда «Қайрат» қақпасына пенальти белгіленді. Алайда жас қақпашы Шерхан Қалмұрза допты сәтті қайтарып, командасын үлкен қауіптен құтқарды. Дегенмен тайм соңына қарай алаң иелері есепті ашып үлгерді.
Екінші таймның 66-шы минутына дейін алматылық футболшылар тартысты ойын көрсетті. Сәтбаев пен Жоржина бірнеше рет гол соғуға мүмкіндік алғанымен, мүмкіндікті мүлт жіберді. Осыдан кейін «Спортинг» небәрі 15 минуттың ішінде үш гол соғып, есепті ұлғайтты.
Соған қарамастан «Қайрат» табандылық танытып, 86-шы минутта есеп айырмасын қысқартты. Ойын 4:1 есебімен португалиялық клубтың пайдасына аяқталды.