Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:45

«Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы ойынға билеттер сатылымға шықты

Қайрат Пафос
Фото: ашық дереккөз

21 қазанда Орталық стадионда өтетін «Қайрат» – «Пафос» матчы сағат 21:45-те басталады. Билеттер бүгін, сағат 12:30-дан бастап сатылымға шықты. Ең төменгі бағасы — 30 мың теңге.

Билеттерді Freedom SuperApp және Kairat SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алуға болады.

Айта кетсек, бұған дейін алматылық клуб сырт алаңда португалиялық «Спортингпен» кездесіп, өз алаңында испаниялық «Реал Мадридке» қарсы ойнаған еді.