Бүгін, 00:31
«Қайрат» пенальти сериясында «Селтикті» ұтып тарихи жеңіске жетті

Алматының «Қайрат» клубы UEFA Чемпиондар топтық кезеңіне шығу ойынында шотландиялық «Селтикпен» өткен қарымта кездесуде тарихи жеңіске қол жеткізді.
Орталық стадионда өткен матчтың негізгі және қосымша уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Екі команда да есеп ашуға тырысқанымен, қақпашылар сенімді ойнап, гол соғуға мүмкіндік бермеді.
Жеңімпазды анықтау пенальти сериясына қалды. Бұл сында алматылық клубтың қақпашысы үш рет қарсылас соққысын қайтарды.
Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.