Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:40, 01 Қазан 2025

«Қайрат»-«Реал» матчында жалған аккредитациялар қолданылған – БАҚ

Кайрат Реал
Фото: Чемпиондар лигасының ресми сайты

Испанияның Marca басылымы Алматыдағы Орталық стадионда өткен «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы ойында тәртіпсіздік болғанын хабарлады.

Көрермендер саны стадион сыйымдылығынан асқан

Басылымның дерегінше, сыйымдылығы 23 мың орындық стадионға 30 мыңнан астам жанкүйер келген. Бұл жағдай трибуналар мен кіреберіс аумақтарда қатты қысым туғызған.

Журналистерге кедергі

Marca жазғандай, БАҚ өкілдері үшін де айтарлықтай қиындықтар туған. Себебі стадионға жалған аккредитациялар таратылған.

«Кейбір жергілікті жанкүйерлер баспасөзге арналған рұқсатнамаларды «клондап», стадионға кіріп кеткен. «Қайрат» клубы мұны дер кезінде аңғармаған. Шрифті ресми аккредитациялардан өзгеше екені кейін анықталды, алайда ол кезде баспасөз трибунасы журналистикаға қатысы жоқ адамдарға толып кеткен еді», – деп жазады басылым.

Техникалық ақаулар мен ойын нәтижесі

Бұған қоса, матч кезінде QazSport пен Qazaqstan арналарының трансляцияларында техникалық ақаулар орын алды.

Айта кетейік, ойын 30 қыркүйек күні Алматы уақытымен 21:45-те басталып, «Қайрат» «Реал Мадрид» клубынан 0:5 есебімен жеңілді.