«Қайрат» - «Реал» матчының билеттер бағасы жарияланды

Алматы футбол клубы «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойындарына билеттер құны белгілі болды.
Бұл туралы «Спорт Шредингер» телеграм арнасы жазды.
Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.
Клуб билеттерді бастапқыда тек пакетпен сатуды жоспарлап отыр. Яғни, жеке бір матчқа билет алу мүмкін болмайды, бірақ екі ойынды қамтитын пакет болуы мүмкін.
Батыс трибунасы — 250 000 теңге (бір матч), 1 000 000 теңге (4 матч);
Шығыс трибунасы — 150 000 теңге (бір матч), 600 000 теңге (4 матч);
Солтүстік/Оңтүстік (қақпа артындағы секторлар) — 75 000 теңге (бір матч), 300 000 теңге (4 матч).
Айта кетейік, бір ғана матчқа билет сатып алғанда баға өзгеше болады.
«Қайрат» келесі аптада сатылым басталу күнін жарияламақ. Алдын ала мәлімет бойынша, билеттер 20 қыркүйектен бастап қолжетімді болады. Қазіргі уақытта билеттер сатылымға шыққан жоқ.