Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:36

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған Kaisar Plaza аукционға шығарылды

Қайсар Плаза
Фото: Яндекс

Алматы қаласының орталығында орналасқан Kaisar Plaza бұрынғы сауда-офис кешені сатылымға қойылды.

 Нысан Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан және Чайковский көшесіне дейінгі аумақты қамтиды.

1

 

Ғимаратты КУВА ұйымы аукцион арқылы сатпақ. Бастапқы бағасы – 61,5 млрд теңге. Саудаға қатысу үшін 9,2 млрд теңге көлемінде кепілдік жарна төлеу қажет.

Аукцион 7 сәуір күні өтеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 20 қаңтарда жасалған бағалау қорытындысына сәйкес, бұл нысанның нарықтық құны 44,5 млрд теңге деп көрсетілген.