Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:12

“Қайрат” жанкүйерлері билет тапшылығына шағымданды

Қайрат Селтик
Фото: ашық дереккөз

“Қайрат” жанкүйерлері билет тапшылығына шағымданды

Алыпсатарлар құны 3 мың теңгелік билеттерді 100 мыңға дейін қымбаттатып сатқан.

“Қайрат-Селтик” ойынына билеттер Ticketon сайтында небәрі бір жарым сағат ішінде сатылып кетті. Бір желі қолданушысы өзі алты билетке тапсырыс бергенімен, қолына тек төртеуі ғана тиген.

“1500 теңгелік билеттерді 50 мыңға дейін сатып жатыр. Бұл – ұлтқа сын. Өз халқынан, қарапайым жанкүйерден пайда тауып отыр. Бұл мәселе ашық айтылуы керек, әйтпесе алдағы уақытта да қайталана береді. Өздерін ақылды санай ма? Жоқ, олар – сатқындар”, - деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, 20 тамызда "Қайрат" командасы Шотландияның "Селтик" клубымен тең ойнады. Қарымта ойын 26 тамызда Алматыда өтеді. Жеңген команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтеді.