Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:10, 28 Тамыз 2025

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Қайрат Селтик
Фото: ашық дереккөз

Алматылық «Қайрат» 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алғаш рет өнер көрсетпек. Жаңа форматқа сәйкес, клуб сегіз матч өткізеді: төртеуін Алматыдағы Орталық стадионда, төртеуін сырт алаңда.

Жеребе қорытындысы бойынша, бірінші себеттен «Қайратқа» әлем футболының алыбтары түсті: мадридтік «Реал Мадрид» (матч Алматыда) және миландық «Интер» (матч сырт алаңда).

Екінші себеттен қарсыластар — ағылшынның «Арсеналы» (Лондонда) және бельгиялық «Брюгге» (Алматыда).

Үшінші себетте қазақстандық клуб Лиссабонда португалиялық «Спортингпен» және Алматыда гректің «Олимпиакосымен» кездеседі.

2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының күнтізбесі:

Жалпы кезең:

1-тур — 16–18 қыркүйек 2025 жыл

2-тур — 30 қыркүйек – 1 қазан 2025 жыл

3-тур — 21–22 қазан 2025 жыл

4-тур — 4–5 қараша 2025 жыл

5-тур — 25–26 қараша 2025 жыл

6-тур — 9–10 желтоқсан 2025 жыл

7-тур — 20–21 қаңтар 2026 жыл

8-тур — 28 қаңтар 2026 жыл

Плей-офф кезеңі:

Өтпелі матчтар — 17/18 және 24/25 ақпан 2026 жыл

1/8 финал — 10/11 және 17/18 наурыз 2026 жыл

Ширек финал — 7/8 және 14/15 сәуір 2026 жыл

Жартылай финал — 28/29 сәуір және 5/6 мамыр 2026 жыл

Финал — 30 мамыр 2026 жыл, Будапешт

Бұл маусымда жалпы кезеңде дебют жасайтын клубтар қатарында «Қайратпен» бірге кипрлік «Пафос», норвегиялық «Будё-Глимт» және бельгиялық «Юнион СЖ» бар.

Тегтер: