Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:47, 18 Қыркүйек 2023

Қайтарымсыз қаражатпен кәсібін ашқан Қарағандылықтар көбейіп келеді

би
Фото: из открытых источников

Жыл басынан бері аймақта кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылға арналған жобасы арқылы 191 адамға 263,58 млн теңгенің гранты табыс етілген

Қарағанды облысында жеке кәсібін ашып арманына қолжеткізіп жатқан жандар қатары көбейіп келеді. Жыл басынан бері аймақта кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылға арналған жобасы арқылы 191 адамға 263,58 млн теңгенің гранты табыс етілген. Гранттың көлемі 400 АЕК (1 380 00 теңгені) құрап отыр. Ал 11-22-қыркүйекке дейінгі 3-кезеңде 55 үміткер қайтарымсыз грант алады.

Кеншілер қаласының тұрғыны Кристина Вороновская «Бастау бизнес» жобасы аясында 1млн 380 мың теңгенің қайтарымсыз грантын ұтып алған. Мемлекет көмегіне 500 мың теңге ақшасын қосып, оқу әдістемелік құралдары мен оқулықтарды сатып алған. Ол осылайша Қарағандыда алғашқылардың бірі болып аутизм кеселіне шалдыққан қазақ тілді балаларға арнап АВА-терапия кабинетін ашты. дәріс беретін Мұндай кабинет шаhардағы қазақ тілді ерекше балғындарға бұрыннан қажет еді.

-АВА-терапияның ерекшелігі, баланы оқу-жаттығу дағдыларына үйретіп қана қоймай, баланы тұрмыстық әрекеттерге араласуға және адамдармен қарым-қатынас жасаудың алғышарттарына дағдыландыру. Осы әдістер бойынша сабақ барысында жақсы нәтиже көрсеткен шәкірттерімнің көңілін шаттандырып, сүйікті сыйлығын тарту етуді жөн көрдім. Мақсатым -алдыма келген ерекше баланы қоғамның толыққанды мүшесі етіп шығару. Баласы аутизмге шалдыққан ата-ананың мұңын, мақсатын, мұратын жақсы білемін және толық түсінемін. Менің балама да осындай диагноз қойылған. Перзентімді дамыту үшін кезінде қаладағы талай орталықтарды адақтап шықтым. Бірақ, олардың оқыту әдісі мені қанағаттандырмады. Соңында бұл істі неге өзім ашып дамытпасқа деген ой келді. Міне, ой-арманым іске асты. Балалар-елдің болашағы. Әр баланың саулығы бәрімізге жақсы. Өкінішке қарай, аутизмге шалдыққан балалар жылдан-жылға артып келеді,-деп қынжылысын білдірді жас кәсіпкер.

Кристинаның алғашқы мамандығы- педагог-психолог. Қазір Мәскеудегі жоғары оқу орындардың бірінде «коорекциялық педагог» мамандығы бойынша сырттай білім алып жатыр. Бүгінде оның алдына 10 бала келіп дәріс алып жүр. Күніне әрр баламен 2-3 сағат жеке айналысады. Жақында көмек сұрап келген әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 3 баласын қабылдаған. Бір өзіне жұмыс жүктемесі ауыр. Қазіргі кезде өзімен тағдырлас екі ана арнайы курста білімдерін көтеруде. Олар серификат алған соң, осы арада қызмет етеді. Мұндағы сабақ ақылы. Соған қарамастан, бірегей мұғалімге сұраныс білдіруші ата-аналар көбейіп келеді. Кәсіпкер келіншек болашақта шағын орталықты үлкен кешенге айналдыруды көздеп отыр.

Мемлекеттің қолдауына ие болғандардың арасында жас өнерпаздар да бар.

-Бұған дейін осындай гранттарға тапсырыс бердім. Бірақ, бұйырмады. Бұл жолы бизнес-жоспарым сәтті жасалды. Маған комиссия мүшелері тағайындаған грант мөлшері-1 млн 200 мың теңге. Қайтарымсыз қаражатқа би киімдерін, бишілерге аяқ киім сатып алдым. Мемлекеттің үлкен мүмкіндігі кәсіпкерлікке қадам басқан мен қатарлы жастарға үлкен көмек болады деген ойдамын,-дейді «Бастау-бизнес» жобасының жеңімпазы «Асылым» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Ақерке Зұлхарнай.

Ақеркенің ансамблінде 10 биші қыз бар. Олар ұлттық би түрін дәріптейді. Өнердегі жеке бизесін бір жыл бұрын бастаған. Ансамбль несібесін концерттік шаралар мен тойдан тауып жүр. Репертуарды толықтыру үздіксіз жұмыс. Жаңа қойылымға тәжіребиелі хореогрфтарды шақыртып дайындалады. Кәсіби мамандар қомақы қаржы алады. Ал, репертуарды үнемі толықтыру және жандандыру өнер ұжымы үшін бәсекеге төтеп берумен тең. «Сондықтан өнерде өрісіңді кеңейту үшін бизнесті талмай ұштау қажет»- дейді сүйікті ісін дамытуға жеке ісін ашқан биші.

Бизнес грант жобасына кез келген облыс тұрғыны қатыса алады. Олардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

-Болашағы зор бизнес идеясы бар азаматтар мен кәсібін дамытамын деушілерге гранттың шарты бар. Бұл орайда өтініш білдірушер біріншіден- кәсіпті тұрғылықты жерден ашуы тиіс. Екіншіден -олар әлеуметтік көмек алушы, көп балалы отбасы, асыраушысынан айрылған, өзге елден қоныс аударып келген, мүгедек немесе мүгедек баланы тәрбиеленушілердің санатынан болуы тиіс. Мемлекеттің қаржылық қолдауына сұраныс білдірушілер сондай-ақ жұмыс істемейтінін куәландыратын анықтама тапсыруы керек. Еске салатын келесі жәйт, 3 жылдан артық кәсібін ашқан бизнес өкілдеріне грант берілмейді,-деп мәлімдеді облыстағы «Еңбек» мобильді тобының бөлім басшысы Фараби Мұқтаров.

Аталған ведомство өкілінің айтуынша, соңғы грантты ұтып алғандар өндірістік қолғап шығару, этикалық стильдегі өнеркәсіптік киім тігу, тігін , типографиялық және кондитерлік цех ашып жеке істерін жетілдіру үстінде.

Айтбала Сүлейменқызы

Тегтер: