Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:00, 01 Қараша 2024

Қазақ балуаны Нұрғожа Қайпанов әлем чемпионы атанды

1

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Нұрқожа Қайпанов Тиранадағы әлем чемпионатында топ жарды.

Күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен біріншілікте 70 келіде финалда белдескен отандасымыз шешуші сәтте жапон балуанын сан соқтырды.

Ол бірінші кезеңде басымдықты беріп қойғанымен, ұстағанымен, белдесу соңында 5:3 есебімен басым түсті.

Осылайша Қайпанов ел тарихында әлем чемпионаты атанған екінші балуан атанды. Ол осыдан бес жыл бұрын Астанада өткен әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған болатын.

Нұрқожа дәл осы салмақта (70 кг) 5 жыл бұрын еліміздің астанасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.

Елімізден екінші жыл қатарынан еркін күрестен әлем чемпионы шықты. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта топ жарған еді.

Айта кетейік, кеше Нұрғожа Қайпанов іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңген. Жартылай финалда тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті таза жықты.

Тиранадағы Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. Осыған дейін грек-рим күресінің шебері Ержет Жарылқасын (63 кг) мен Жәмила Бақбергенова (72 кг) финалда қарсыластарына жол берген еді.

Тегтер: