Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:39, 28 Қазан 2023

«Қазақ күресі клоунадаға айналды» – Аслан Каженов

ыс
Фото: из открытых источников

25 қазанда Алматыда ұлттық күрестен «Өнер Барысы» турнирі өтті.

Кәсіби палуандардың орнына боз кілемге танымал актерлер, әншілер мен медиа жұлдыздар шығып, бақ сынасты. Бұл жылы 20 қатысушы жүлдеге таласты. Өнер барысы жобасы 2019 жылдан бері өтіп келеді.

Жобаның авторы, айтыскер ақын Балғынбек Имашев жыл сайын жобаның форматын өзгертіп отыратынын айтты.

- Бұл жоба дәстүрге айналды. Жыл сайын біз форматты өзгертеміз, қызықты қатысушыларды шақырамыз. Мысалы, биылғы жылы жеңімпаз екі қарсыластың әр жекпе-жегінен кейін анықталады, командалық есеп болмайды. Бүгін біз жаңа халықаралық деңгейге шықтық, өйткені Өзбекстаннан қатысушылар бар, - деді жоба авторы Балғынбек Имашев.

Ал спорт журналисі Аслан Каженов болса, бұл жоба ұлттық спортты қор қылып, мазаққа айналдырды деп ашынды.

««Өнер барысын» көріп құсқым келіп отыр. Ұлттық спортымызды не қылып жібердіңдер? Қай халық осылай өзінің жекпе-жегін приколға айналдырады? Дзюдоны, сумоны не каратэні мазақ қылған жапонды көрдіңіздер ме? Таэквондоны шоуға айналдырған кәрісті білесіздер ме? Бер жағында орыстар самбосын, өзбектер курашын не татарлар белбеу күресін осынша төмендете ме? Кім жауапты бұған? Қанша ақша бөлінді? Неге мемлекеттік арнадан көрсетіледі?

Бір белдесудің өзінде «сүйкімді қанішер», «холодильниктер күресі» не «смело айырып тастаймын» деген әңгімелер айтылып жатыр. Соңына дейін көре алмадым. Мына түрімізбен жақын болашақта адам болмаймыз. Кезінде осы қазақ күресін қайтадан аяққа тұрғызып, оны, тіпті, Азия және Олимпиада ойындарына қосқысы келді. Қаншама жұмыс атқарылды? Қанша қаражат шашылды? Ал, мыналар бәрін сызып тастады ғой. Дәл осы форматтағы күресті ешбір жарыс бағдарламасына қоспайды», - деді ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ ол спорт шеберлері мен жанашырларына неліктен бұл іске пікір білдірмей, үнсіз қалғанына шағымданды.


"Басқа біреу мазақ қылып жатса, бір жөн. Жігіттер не болды сонша? Не істеп жатсыңдар? Ұлттық спорт жанашыларлары қайда? Ұлт жанашырлары қайда? Бейбіт Ыстыбаев, Ұлан Рысқұлбек, Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров тағы басқалары, неге үнсіз отыр? Сіздерді «батыр» дейді ғой. Бір пікір білдіре алмайсыздар ма? Көңіл қалды. Тура мағынасында құсқым келді. Бізге сырттан жау керек емес. Өзімізбен-өзіміз іріп, өз түбімізге өзіміз жетеміз...» - деді Аслан Каженов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аслан Каженов (@kazhenov.aslan)