Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:31, 15 Қараша 2023

«Қазақфильм» экс-президенті жемқорлық күдігіне ілікті

жемқорлық
Фото: из открытых источников

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтерді тексеру барысында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп хабарлады Zhasalash.kz.

2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған, – делінген Антикор хабарламасында.

Қазіргі таңда активтер мен жер учаскелерін мемлекетке қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.