«Қазақфильмдегі» дауға қатысты Азамат Сатыбалды не дейді?
«Қазақфильм» киностудиясының еңбекақыларын ала алмай жүрген қызметкерлері өткен аптада кино орталықтың алдында наразылық өткізді.
Айтуларынша, анимация бөлімінің мамандары келісімшарт бойынша бірнеше жоба жасаған. Бірақ келісілген жалақы берілмеген.
Осы дауға қатысты «Қазақфильм» киностудиясының төрағасы Азамат Сатыбалды әлеуметтік желіде жауап берді. Сатыбалды мырзаның айтуынша, дауға қатысты жалған ақпараттар бар.
Жалған ақпаратқа жүйелі жауап. Дұрыс түсінік болу үшін, қысқаша қайырайын:
1. Қазақфильм мен Қазақанимация қызметкерлері айлықтарын толық алып отыр.
2. Бұл, Алтын адам жобасының шығармашылық тобы.
Айлық емес, қаламақы. (Гонорар)3. Жоба, 2019 жылы басталған. Бес жыл созылып бітпей келе жатыр.
Соңғы мерзім бойынша 2023-те біту керек екен.4. 90% ақшасы төленген.
5. 10% пайызы қалған.
6. Бұл жоба, ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысы.
7. Қазақфильм орындаушы орган.
Қазақфильм де қаражатын ала алмай, зардап шегіп отыр.8. Кино орталығы жобаны қабылдамады. Ол жерде эксперттік кеңес бар.
9. Содан кейін, сот процесі басталды.
10. Бұл жүйелі шара. Бәрін заңдастыру үшін.
11. 20-шы маусым күні, ұлттық киноны қолдау орталығының бастығы Құрманбек мырзамен кездесу өтті. Сол жерде ортақ шешімге келді.
Жобаның режиссері мен авторлары, қол алысып келісті.12. Қазақфильм сол бағытта жұмысын бастап кетті.
Бұл жерде, жобаға қатысы жоқ мені және Қазақфильмді кінәләу дұрыс емес.
Қазақфильм де жәбірленуші.
Қалай болмасын, “Алтын адам” жобасы жарыққа шығады. Шығармашылық топ қаламақысын алады. Соған сәл уақыт және сабыр керек, деп жазды «Қазақфильм» басшысы.