11:46, 07 Қазан 2024
«Қазақмыстың» Қарағанды облысындағы шахтасында екі жұмысшы қаза тапты
«Қазақмыс» тобы Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында қайғылы оқиға орын алғанын хабарлады.
Кәсіпорын мәліметінше, шахтада көміртегі газы бөлінген. Барлық жұмысшылар жедел түрде эвакуацияланғаны айтылған.
Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды, делінген хабарламада.
Бұл ретте Қазақмыс қанша адамның ауруханаға жіберілгенін нақтыламады. Ал, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы «ҚазАқпарат» агенттігіне үшінші кеншінің қатты уланғанын хабарлады. Қазір ол Балқаш қаласындағы ауруханада жатыр.