Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 19 Қыркүйек 2024

Қазақстан АҚШ-қа Алматының жерін 49 жылға жалға береді

п
Фото: ашық дереккөз

АҚШ Қазақстаннан 49 жылға жер жалға алуға дайындалып жатыр. Жер Алматы қаласындағы Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін берілетіні айтылған.

«Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы консулдық үй-жайларды салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жалға жер учаскесін беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», - деп хабарлады ҚазТАГ Қазақстан үкіметінің қаулысын.

Жобаның қазірдің өзінде пайдалануға берілгені айтылған.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан үкіметі АҚШ үкіметіне Жамақаев көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдара Көсе көшелері арасында орналасқан ауданы 70 593 шаршы метр жер учаскесін жалға береді. Жер Алматы қаласындағы Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салуға және пайдалануға жер учаскесін жалдау шарты жасалған күннен бастап 49 жыл мерзімге беріледі. Бұл ретте жалдау мерзімі тағы 49 жылға ұзартылуы мүмкін.

«Бастапқы 49 жылдық жалдау мерзімі және барлық кейінгі 49 жылдық жаңарту кезеңдері үшін жерді жалға алу ақысы (жалпы ұзақтығына шектеусіз) $25 301 016 құрайды және осы келісім күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бір реттік төлеммен төленеді. ", - делінген келісім жобасында.