Қазақстан Азия ойындарында тағы да күміс алды
Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында отандастарымыз Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева каноэдан 200 метр қашықтықта ақтық сайыста бақ сынады.
Қазақстан спортшылары екінші орын алып, күміс жүлдегер атанса, алтын қытайлықтарға, қола Өзбекстанға бұйырды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 42 медаль бар: төрт алтын, тоғыз күміс және 29 қола.
Естеріңізге сала кетейік, байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы өнерін аяқтады. Жарыстың бұл түрінен қазақстандық спортшылардың қоржынында сегіз медаль бар – бір алтын, төрт күміс және үш қола.
Ойындардың қожайындары Қытай бұл спорт бойынша бірінші орында, олардың қоржынында тоғыз алтын медаль бар. Үздік үштікті алты жүлдемен Өзбекстан құрамасы түйіндеді (1-2-3).