Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:44, 18 Желтоқсан 2023

Қазақстан билігі Ресей армиясын қамтамасыз етеді деген күдікке ілінген компанияға қатысты мәлімдеме жасады

ресей
Фото: из открытых источников

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі Ресей армиясын қамтамасыз етеді деген күдікке ілінген Elem Group компаниясына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«7 желтоқсанда «Elem group» ЖШС АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының субъектілер тізіміне енгізілді. Айта кетейік, 2023 жылдың мамыр айынан бері «Elem group» ЖШС сыртқы сауда қызметін жүргізбеген. Енгізілген шектеулер бұдан былай АҚШ жеткізушілері американдық тауарларды осы тізімге енгізілген компанияларға арнайы лицензиясыз жібере алмайтынын білдіреді», - деп хабарлады дүйсенбіде Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі.

Ақпаратқа сәйкес, «АҚШ Сауда министрлігі шектеулеріне ұшыраған компаниялар американдық контрагенттермен жұмыс істеуді қоспағанда, жұмысын жалғастыра алады».

«Бұл тізімге сонымен қатар Германия, Жапония, Бельгия, Ұлыбритания және т.б. дамыған елдердің кәсіпорындары кіреді. Айта кету керек, бұл қайталама санкциялар емес, яғни олар АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау бойынша қазынашылық басқармасының (OFAC) блоктау тізіміне (SDN тізімі) қолданылмайды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 желтоқсанда ҚазТАГ қазақстандық Elem group компаниясы Украинадағы ресейлік армияны қамтамасыз етеді деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын.

Тегтер: