Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:00

Қазақстан грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Сұлтанғали
Фото: ҰОК

Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.

Загребте өткен шешуші белдесуде Сұлтанғали өзбек балуаны Алишер Ғаниевті 9:0 есебімен таза жеңді. Кездесу мерзімінен бұрын аяқталды.

27 жастағы спортшы үшін бұл  алғашқы әлемдік алтын. Бұған дейін ол 2018 және 2022 жылдары қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Қазақстан үшін де бұл жеңіс тарихи мәнге ие. Соңғы рет біздің спортшылар  әлем чемпионатында 1999 жылы топ жарған болатын. Ол кезде 63 келіге дейінгі салмақта Мхитар Манукян жеңімпаз атанған еді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшылар Ливерпульде өткен әлем чемпионатында бокстан бірнеше медаль жеңіп алды.