Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:10, 24 Қазан 2024

Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайды - Тоқаев

я
Фото: Ақорда

Қазақстан Укаринадағы соғыс мәселесінде Қытай мен Бразилияның бейбіт жоспарын қолдайды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитінде мәлімдеді.  

"Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайды. Біздің еліміз БРИКС-ке қатысушы мемлекеттердің Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіргеніне қосылады, бұл адам шығыны мен гуманитарлық апатқа әкеп соқты. Біздің ойымызша, кедейлік, теңсіздік және білім жетіспеушілігі сияқты жанжалдардың түпкі себептерін бірлесіп жою халықаралық саяси ынтымақтастықты нығайтудың негізгі факторы болып қала береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтауға, егемендікті қорғауға, көпжақты тәсілдерді қолдануға және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған жаһандық қауіпсіздік бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.