Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 20:51

Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді ірі есеппен ұтты

1
Фото: ашық дереккөз

10 қазан күні Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы матчта Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейн командасын 4:0 есебімен ұтты.

Ойын «Астана Арена» стадионында өтті. Есепті 26-минутта Ғалымжан Кенжебек ашты. 28-минутта Бақтиер Зайнутдинов айырманы еселеді. Екінші таймда 59-минутта Ғалымжан Кенжебек тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Матчтың соңғы, төртінші голын 81-минутта Әлібек Қасым  соқты.

Кездесу барысында Қазақстан құрамасы ойынның басым бөлігінде допқа иелік етіп, қарсыласына бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Қорғаныста да айтарлықтай қателік тіркелген жоқ.

Бұл жеңіс арқылы Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі ұпайын көбейтті. Келесі турда ұлттық құрама сырт алаңда 13 қазан күні Солтүстік Македониямен кездеседі.