10:44, 22 Сәуір 2025
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

2025 жылдың 22 сәуірінде таңғы сағат 6:30 шамасында Астана уақыты бойынша Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды.
Қазақстандық сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпулерінің күші бес баллды құрады. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 500 шақырым жерде, Алакөл көліне жақын маңда орналасқан.
Аталған сілкініс Қазақстан аумағында сезілген жоқ.