09:05, 21 Қазан 2024
Қазақстан мен Ресей киберқылмысқа қарсы бірігіп күреседі
Қазақстан мен Ресейдің Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы бірігіп күреспек. Бұл туралы Мәскеу қаласында өткен жиында айтылды.
Кездесуге Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев және ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының өкілдері қатысқаны айтылады.
Ведомстволар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Ішкі істер органдарының киберқылмысқа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы мәселені қарады. Бұдан басқа, министрлер бірлескен шешімге қол қойды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған іс-шаралар белгіленді, делінген хабарламада.