Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:51, 11 Қыркүйек 2024

Қазақстан мен Түрікменстан газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

f
Фото: gov.kz

Қазақстан мен Түрікменстан газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.

Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Түрікменстан Министрлер Кабинетінің орынбасары Батыр Амановпен және Түрікменстанның Мемлекеттік министрі – «Түрікменгаз» мемлекеттік концернінің төрағасы Мақсат Бабаевпен кездесті.

Кездесуде тараптар газ саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады. ҚР Энергетика министрлігінің басшысы А.Сәтқалиев бірлескен күш-жігердің арқасында елдер өзара тиімді ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығара алатынына сенім білдірді, делінген хабарламада.

Тараптар келіссөздер қорытындысы бойынша елдердің газ саласындағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында Түрікменгаз бен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасында ниет туралы Меморандумға қол қойды.