15:12, 22 Тамыз 2024
Қазақстан мұнай өндірудің өтемақы жоспарын жаңартып, ОПЕК-ке жіберді
ҚР Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімі туралы мәлімдеме жасады.
Онда Қазақстан ОПЕК+ келісіміне өзінің адалдығын растайды және ОПЕК+ мүше елдерімен бірлесіп қабылданған шешімдерді қолдайтыны айылған.
Қазақстан шілдеде артық өндіруді қоса алғанда, өтемақы жоспарын жаңартып, ОПЕК хатшылығына жіберді. Қазақстан өз міндеттемелерін орындауға және өтемақы жоспары бойынша артық өндірілген өнімнің орнын толтыруға бар күшін салады, делінген хабарламада.