Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 17:52

Қазақстан ресейлік кәсіпкер Евгений Наказненкоға босқын мәртебесін бермеді

Евгений Наказненко
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан билігі соғысқа қарсы ұстанымы бар ресейлік ксіпкер Евгений Наказненкоға босқын мәртебесін беруден бас тартты.

 Ол Алматы әуежайында ұсталып, 12 айдан бері қамауда отыр. Бұл туралы Азаттыққа босқын мәртебесін беру жөніндегі комиссия отырысына қатысқан оның адвокаты Мұрат Адам хабарлады.

Босқын мәртебесін алуға өтініш берудің басты себебі оның азаматтық ұстанымы мен ұлтына байланысты және Ресейде қудалануы мүмкін екендігі себеп болған.

Заңгер Мұрат Адам комиссия мәселені қараған кезде кейбір маңызды дәлелдерді есепке алмаған деп есептейді.

"Мен екі өтініш жолдап, «Босқындар туралы» заңның 12-бабында қарастырылған босқын мәртебесін беруден бас тартуға заңды негіздердің жоқтығын дәлелдедім. Бас тарту үшін негіздердің толық тізімі бар. Мұндай себептер бізде жоқ. Оның үстіне ол жартылай украин екені де назардан тыс қалып отыр. Евгений украин ұлтынан болғандықтан Ресей билігі тарапынан қауіп төніп тұр", - деді Адам.

Адвокат комиссияның шешімімен келіспейтіндерін, енді сотқа шағым түсірмегін айтты.

Бұл Ресей азаматтарының Ресейдің өтініші бойынша Қазақстанда ұсталып, бір жыл бойы экстрадициялық қамауға алынған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Айхал Аммосов (Игорь Иванов) мен Наталья Нарская Алматының тергеу изоляторында бір жыл отырса, биыл күзде Ресейдің өтініші бойынша воронеждік соғысқа қарсы белсенді Павел Владимиров Алматыда ұсталды.

 Наказненко –  Ресей азаматы, Қазақстанда туып, 2020 жылы осы елге оралған. Кәсіпкер Өскеменде Oxford Team шет тілдері мектебін құрды. Чембарисованың айтуынша, кәсіпкер Украинаға гуманитарлық көмек жөнелтуге көмектескен. Ресейдің көрші елге шапқыншылығы басталғаннан кейін ол өзінің лингвистикалық мектебінде қазақ тілі курстарын ашты.

Евгений Наказненко 17 қыркүйекте Алматы әуежайында Түркияға ұшпақ болған жерінде ұсталды. Мәскеу оны іздеу тізіміне енгізді. Адвокат қорғаушысы Ресейде іздеуде жүргенін және шетелге іссапармен кетіп бара жатқанын білмегенін айтады. Наказненко 40 тәулікке қамауға алынды.

Қазан айының соңында оның экстрадициялық қамауға алу мерзімі 2025 жылдың қыркүйегіне дейін ұзартылды. Оның адвокаты бұл шешім Қазақстан ратификациялаған халықаралық конвенциялар мен қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына қайшы келеді деп есептейді.