Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:20

Қазақстан үкіметі алты айға картопты экспорттауға тыйым салды

картоп
Фото: astana.tv

Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасының күрт көтерілуі аясында үкімет жарты жылға көкөністі үшінші елдерге экспорттауды шектеу туралы шешім қабылдады.

Үкіметтің баспасөз қызметі Ауыл шаруашылығы, Сауда және Интеграция министрліктері елдегі картоп нарығындағы қалыптасқан жағдайды тұрақты бақылап жатыр деп хабарлады.

"Көрші елдердің, әсіресе Өзбекстанның сұранысының артуына және экспорттық бағаның жоғары болуына байланысты биыл картоп экспорты 1,5 есеге, яғни 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өсті. Қарқынды сұраныс ішкі нарыққа өз әсерін тигізді. Өткен аптада экспортқа бағытталған тауар өндірушілердің бағасы 170 теңгеден 270 теңгеге дейін өсті, - деп хабарлады үкімет.

Ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында үшінші елдерге картоп экспортын 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды. Бұл ЕАЭО елдеріне қатысты емес, бірақ осы бағыттағы экспорт қадағаланатын болады. Сонымен бірге қалыптасқан жағдайды ескере отырып, 16 қаңтарда экспортқа фитосанитарлық сертификаттарды беру толығымен тоқтатылған.

Айта кетейік, еліімізде картоп бағасы күрт өскен. Отандық БАҚ-тың хабарлауынша, кейбір аймақтарда картоптың бағаы 500 теңгеге дейін жеткен.  Мысалы, Ақтөбеде картоп бағасы ай басында 200 тг болсағ қазір 400 теңгеге жуық бағада сатылып жатыр.  Жетісу өңірінде де баға 400  теңгеден асып кеткен. Сол сияқты Шығыс Қазақстан облысында, Астанада баға 500 теңгеге жақындап қалған. 

Тегтер: