Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 01 Қараша 2023

Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді

свол
Фото: из открытых источников

Қазақстандықтарды қараша айында не күтіп тұр?

 

Электр энергиясының шекті тарифі көтеріледі

1 қарашадан бастап Қазақстанда электр энергияның шекті тарифтері көтеріледі. Мәселен, Алматы қаласы мен Алматы облысында бөлшек саудада 1 кВт/сағаттың бағасы 25,57 теңгеге дейін артады.Жеке тұлғалар мен тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф:1-деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 21,00 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 23,52 теңге);2-деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 27,76 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 31,09 теңге);3-деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 34,70 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 38,86 теңге).

Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу мен тіркеу басталады

Алматы қаласының тұрғындары бірыңғай базада үй жануарларын тіркей алады. Тегін чип салу қызметі де қарастырылған. Бұл шаралар 1 қараша мен 20 желтоқсан аралығында атқарылады.Бағдарлама аясында 15 мың үй жануарын чиптеу және тіркеу жоспарланған. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ресми сайтында ветеринариялық клиникалардың мекенжайы мен телефоны бар.

Болжам бойынша қараша айында жылы және аязды күндер жиі ауысып, ай бойы жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел болады. Солтүстік облыстарда кей күндері қар жауып, Қазақстан аумағында көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін.

Республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында айдың екінші жартысында қысқы аязды ауа райы күтіледі

Қазақстан-Ресей шекарасында электронды кезек енгізіледі

2023 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) электронды кезек жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта электронды кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен шекарасында іске асырылғанын және оң нәтижелерді көрсетіп отырғанын атап өту қажет.

1 қарашадан бастап мектептегі тегін тамақ ваучері проактивті режимде тағайындалады

Ваучер алу үшін ата-анаға құжат жинаудың қажеті жоқ. 2023 жылғы 1 қараша мен 2024 жылғы 1 қараша аралығында Қазақстан мектептерінің оқушыларына тегін не жеңілдікпен тамақ беруге арналған ваучер проактивті түрде тағайындалады. Аталған мерзімде бұл жоба республика бойынша сынақтан өткізіледі.

Оқу-ағарту және Цифрлық даму министрліктері мектеп оқушыларына арналған тегін және жеңілдікпен тамақтануға беретін ваучерлерді проактивті түрде тағайындау жобасын іске қоспақ. Бұған дейін жоба Астананың 13 мектебінде сынақтан өткізіліп, 331 ваучер берілсе, енді бір жыл ішінде бүкіл республика бойынша қолданыста болмақ.

Қазақстан мен Қытай арасында 10 қарашадан бастап визасыз режим күшіне енеді

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енеді.

Келісімнің 1-бабына сәйкес екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады. Осы ретте, азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге, ал күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауы қажет.

Эмманюэль Макрон, Виктор Орбан және Ердоған ресми сапармен Қазақстанға келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1 қарашада Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Сапар аясында сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

2 қарашада Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан келсе, 3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммиті өтеді.  Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.