Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:07, 04 Желтоқсан 2023

Қазақстанда 33 градусқа дейін аяз болады

Қазақстан
Фото: из открытых источников

Бұл туралы Казгидромет мәлімдеме жасады. 

Апта басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклон мен соған байланысты атмосфералық шептердің ықпалында болады. Олар ел аумағына қар мен жаңбыр алып келеді. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

- 6 желтоқсанда елдің солтүстігінде қалың қар жауып, көктайғақ, боран болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. 7 желтоқсанда солтүстік-батыс салқын антициклоны кіріп келеді де, республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендеп кетеді: елдің батысы, орталығы мен шығысында 10-18 С аязға дейін, солтүстік-батысы мен солтүстігінде 25-33 С аяз, оңтүстігінде 5-13 С аяз болуы ықтимал, - делінген мәлімдемеде.