Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:28

Қазақстанда қандастарға талап күшейтілуі мүмкін

Қандас
Фото: zhasalash.kz (ЖИ)

Қазақстанда қандастар мен қоныс аударушыларға қатысты талаптар қатаңдауы ықтимал. Енді мемлекеттік бағдарлама арқылы басқа өңірге көшкен азаматтар міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс.

Еңбек министрлігі дайындаған бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады. Құжатқа сәйкес, қоныс аударған азаматтар мен қандастар үшін ресми жұмысқа орналасу міндеті енгізіледі.

Бұған дейін көшіп барған адамдар белгілі бір уақыт жұмыссыз жүре алатын. Ал жаңа талап бойынша, бағдарламада қалу үшін міндетті түрде жұмысы болуы керек. Сонымен қатар, еңбек етіп жүргенін әлеуметтік аударымдар арқылы растауы қажет.

Ведомствоның мәліметінше, кейбір қоныс аударушылар жаңа өңірде тұрақтамай, қайта көшіп кетеді.

Ресми жұмыстың болмауы олардың тұрақтап қалуына кедергі келтіріп, жергілікті бюджетке қосымша жүктеме түсіреді.

Жаңа өзгерістердің мақсаты – қоныс аударушылардың өңірлерде тұрақтап қалуын арттыру және аймақтарды тұрақты жұмыс күшімен қамтамасыз ету.

Тегтер: