Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:30, 28 Қараша 2023

Қазақстанда қызылшаға байланысты карантин енгізілетіні рас па?

карантин
Фото: из открытых источников

Қазақстанда қызылша ауруының өршуіне байланысты карантин енгізіле ме, бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, қызылшаны вакцинамен бақылап отыруға болады.

"Ешқандай шектеу шаралары немесе карантин енгізілмейді. Алайда белгілі бір ұжымда ауру өршісе, ал екпе алмағандар саны 10%-тен жоғары болса, қажетті шаралар қолға алынады", - дейді Ахметова.

Бүгінде ата-аналар баланың вакцина алғанын немесе алмағанын емханадан біле алады.