Қазақстанда "Масс-медиа туралы" заң қайтадан өзгертіледі
Қазақстанда "Масс-медиа туралы" заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы вице-премьер – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
"Масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіру жалғасуда. Құқықтық базада сөз бостандығы, цензураға жол бермеу және азаматтардың ақпарат алу және тарату құқығы қағидаларын толық әрі нақты көрсету жоспарланып отыр. Сонымен қатар азаматтардың ар-намысы, қадір-қасиеті және іскерлік беделін қорғау тетіктері күшейтіледі. Бұл пікір білдіру еркіндігі мен адам құқықтарын қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Балаева үкімет отырысында.
Заңнамалық өзгерістер кең ауқымды болады
Министрдің айтуынша, мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты барлық салалар бойынша заңнама жаңартылады.
Жоспар бойынша:
- 20-дан астам заңнамалық актіге өзгерістер енгізіледі
Олар:
- мәдениет
- ақпарат
- масс-медиа
- архив ісі
- мемлекеттік рәміздерді пайдалану
- мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы
- діни қызмет
- жастар және отбасы саясаты
сияқты бағыттарды қамтиды.
Өзгерістердің себебі
Аталған түзетулер жаңа Конституцияға сәйкестендіру мақсатында енгізіліп отыр.