Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:15, 15 Қаңтар 2024

Қазақстанда мәйіт донорлығы қайтадан іске қосыла ма?

донор
Фото: из открытых источников

Қаңтар айындағы ахуал бойынша ағза трансплатациясын қажет ететін науқастар саны 4000-ға жеткен, бұл туралы Қазақстан халқына қорының төрағасы Болат Жәмішев айтты, деп жазды Zhasalash.kz.

 

Қор төрағасының айтуынша, елімізде мәйіт донорлығы қайта жұмыс істеуі үшін заңды өзгерту керек.

"Біз де мәйіт донорлығы туралы заңның өзгеруіне ықпал ету үшін оған қатыстық. Өйткені еліміз (мәйіт донорлығы бойынша - еск.) рейтингтің ең төменгі орнына түсіп кетті. Бүгінде 4 мың адамның ағзасын шұғыл түрде ауыстыру керек. Алайда елімізде мәйіт донорлығының жағдайы мәз емес", - деді басқарма төрағасы.

Жәмішевтің айтуынша, Қазақстан көздің мөлдір қабығын жеткізу бойынша АҚШ-пен келісімшарт жасасқан.

"Біз АҚШ-тың тін мен орган банкінен 304 пациентке көздің мөлдір қабығын жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойдық. 93 операция жасалды. Заңға өзгерту енгізу арқылы ғана бұл мәселені шешуге мүмкіндік туды. Ағзаға мұқтаж адамдар АҚШ-қа бармай-ақ, осы көздің мөлдір қабығына қол жеткізді", - деді ол.