Қазақстанда мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға тартқандарға айыппұл салынуы мүмкін
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің құқығын қорғауға бағытталған бірқатар ұсыныс айтты.
Оның сөзінше, ұстаздарды негізгі міндетінен тыс жұмыстарға жегу – заң бұзушылық ретінде қарастырылуы тиіс.
Депутат көтерген бастамалар:
- Мұғалімдерді өз жұмысының нәтижесін әлеуметтік желілерде жариялауға мәжбүрлеуге жол берілмеуі тиіс;
- Педагогтерді кәсіби міндетіне қатысы жоқ іс-шараларға (түрлі сенбіліктер, есептер, сыртқы жұмыстар) тартуға нақты тыйым салу қажет;
- Есептілікті қатарынан қағаз және электронды форматта жүргізу тәжірибесін тоқтату ұсынылды;
- Мұғалімдер сабақтан тыс уақытта және демалыс күндері оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты болмауы керек.
Аймағамбетовтің айтуынша, бұл өзгерістер ұстаздардың уақытын үнемдеп, олардың басты міндеті – сапалы білім беруге назар аударуына мүмкіндік береді.