Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:36, 06 Желтоқсан 2023

Қазақстанда отбасылық сот құрылуы мүмкін – БАҚ

отбасылық сот
Фото: из открытых источников

Күн сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 300-ге жуық хабар түседі. Биылдың өзінде 4500 мың баланың құқығы тапталған. Осыған байланысты ел аумағында «Отбасылық сот» серпінді жобасы іске асып жатыр, деп жазды Zhasalash.kz.

Оң нәтиже берсе, елдегі – ювеналды, азаматтық және әкімшілік сот біріктіріледі, – делінген хабарда.

"Прокуратура органдары 900-ге жуық тексеру мен тиісті талдау жасады. Осы бағытта 2,5 мыңнан астам заңдылықты бұзу деректері анықталып, 1,5 мыңнан астам лауазымды қызметтегі адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 млн 300 мың кәмелетке толмаған баланың құқығы қорғалды", деді қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басшысының орынбасары Сәкен Самет. 

Елімізде отбасылық соттың құрылуы мүмкін деген әңгіме осыдан төрт жыл бұрын айтыла бастаған еді. Бұл туралы сол кездегі Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтқан. Ол Жоғарғы соттың кеңейтілген отырысында еліміздің 51 сотындағы «Отбасылық сот» жобасына 107 судья жұмылдырылғанын айтқан болатын.