Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:51

Қазақстанда рубльге деген қызығушылық қайта артты

Рубль мен теңге
Фото: © Depositphotos/NataliSammm

Елімізде бір жарым жылдық үзілістен кейін рубльге сұраныс қайта өсе бастады. Ақпан айында қазақстандықтар бұл валютаны 1,1 млрд теңгеге сатып алған.

Сұраныстың артуы әсіресе Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында байқалады. Ал Алматы мен Астанада әзірге рубльді сату басым болғанымен, айырмашылық біртіндеп қысқарып келеді.

Рубль бағамы айтарлықтай өзгермей, шамамен 6,45 теңге деңгейінде сақталған.

Ал доллар мен еуроға қызығушылық төмендеген. Долларды сатып алу көлемі азайса, еуроға сұраныс ай ішінде аздап өскенімен, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен деңгейде қалып отыр.