Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:23, 28 Желтоқсан 2023

Қазақстанда тағы бір бала қызылшадан көз жұмды

мама и ребенок
Фото: gas-kvas.com

Қызылшадан қаза тапқандар саны екіге жетті. Екі жағдайда да бір жасқа дейінгі балалар көз жұмған. 

Бұл туралы Сенатта Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

«Астанада және Шығыс Қазақстан облысында екі өлім оқиғасы тіркелді. Олар бір жасқа дейін, яғни, екпе жасына толмаған балалар еді», - деді А. Есмағамбетова.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында алты айлық бала қызылшадан қаза тапты.  Дәрігерлер үш күн бойы оның өмірі үшін күресті, бірақ аман алып қала алмады.

Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Кейінгі мәліметтер бойынша, елімізде қызылша ауруын жұқтырғандар саны 20 мың 200 адамға дейін артқан. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Астанада да жағдай шиеленісіп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, күніне 45-ке дейін қызылша жұқтыру жағдайы тіркеледі.

Тегтер: