Қазақстанда жаңа Apple тренинг орталығы ашылды
Apple Authorised Training Center for Education бағдарламасына 400-ден астам үміткердің ішінен ең үздік 60 студент іріктелді.
Олар iOS-та мобильді қосымшаларды құру үшін барлық қажетті дағды мен білімді ақысыз негізде игереді.
«2023 жылдың қазан айында біз Apple Authorised Training Center for Education компаниясымен келісімге қол қойдық. Оның шеңберінде Astana Hub Қазақстандағы Apple тренинг орталығының өкілі болды. Бұл орталық студенттерімізге iOS бағдарламалау дағдыларын игеру мүмкіндіктерін ұсынып, идеяларын жүзеге асыруға және өз мобильді қосымшаларын құруға жол ашады. Apple компаниясымен серіктестігіміз инновациялық ойлауды дамытуға ықпал ететіні анық», – деді Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова.
Әр білім алушыға тиімді білім беру, жеке көңіл бөлу мақсатында студенттер 30 адамнан екі топқа бөлінді. Бағдарлама Swift бағдарламалау негіздерін қамтиды. Оқу 4 айға жалғасады.