Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:10

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізілмейді

Қазақстан армиясы
Фото: astanatimes.com.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 2026 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланбағанын хабарлады. Бұл туралы ведомство Nur.kz порталына берген пікірінде мәлімдеді.

Шерудің орнына бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Олардың қатарында:

  • Ерлік сабақтары;

  • Үздік әскери қызметшілер мен ардагерлерге құрмет көрсету;

  • Экологиялық акциялар;

  • Әскери оркестрлердің шеруі;

  • Шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі;

  • Техника мен қару-жарақ көрмесі;

  • «Солдат ботқасы» акциясы және ашық есік күндері.

Айта кетейік, 2025 жылы Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өткен болатын. Ол кезде оған 4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ 66 ұшақ пен тікұшақ қатысқан еді.

Алдыңғы жылдары да Қазақстанда әскери шерулер жыл сайын өткізілген жоқ. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі шерулерден бас тарту себебін бюджет қаражатын үнемдеумен және шығындарды әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын қолдауға қайта бөлу қажеттілігімен түсіндірген болатын.

Тегтер: