Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:45, 22 Тамыз 2024

Қазақстанда жеті айда 58,1 млн тонна көмір өндірілді

у
Фото: pixabay

Қазақстанда 2024 жылдың 7 айында 58,1 млн тонна көмір өндірілді.

«Оның ішінде 37,3 млн тонна көмір энергетика саласына жіберілді, коммуналдық-тұрмыстық салаға 2,5 млн тонна көмір жөнелтілді. Көмір экспорты 15,8 млн тонна деңгейінде қалды», - деді ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов.

Бүгінгі таңда негізгі көмір өндірушілер Павлодар облысындағы «Богатырь «комир» ЖШС, Қарағанды облысындағы «Шубарколь Комир» АҚ, Абай ауданындағы «Қаражыра» АҚ және Павлодар облысындағы «Майкубен-Вест» АҚ болып отыр.

Тегтер: