Қазақстанда жоғары білім алу құны кей университеттерде 8 млн теңгеден асады

Ең қымбат оқу орны – КИМЭП университеті.
Баға жағынан екінші орында Назарбаев университеті тұр: Астананың сол жағалауындағы бұл оқу орнында білім алу үшін жылына 7 млн 665 мың теңге төлеу қажет.
Сулеймен Демирел университеті, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Нархоз университетіндегі кей бағдарламалар құны 2 млн теңгеден жоғары.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бакалавриатта оқу ақысы 1 млн 350 мың теңгеден басталса, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұл көрсеткіш шамамен 1 млн 700 мың теңге.
Оқу ақысы миллионнан төмен жоғары оқу орындары да бар. Мәселен, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Торайғыров университеті және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде білім құны қолжетімдірек.