Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:35, 16 Қазан 2023

Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін сенім телефоны іске қосылды

зорлық-зомбылық
Фото: из открытых источников

Сенім телефоны 101, 102, 103 нөмірлерінің қатарына енгізіледі

Қазақстанда бүгіннен бастап зорлық-зомбылық, буллинг құрбандарына үшін тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны қосылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Cондай-ақ премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың басшылығымен өткен кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасы бойынша 16 қазаннан бастап барлық қазақстандықтар 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеуінше, байланыс орталығына үлкен жауапкершілік жүктелген. Жүйенің үйлесімді жұмысы әйелдер мен балаларға қатысты заңсыз әрекеттердің алдын алып, азаматтарға жедел құқықтық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

"Бағдарлама әсіресе әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Байланыс орталығы мемлекеттің уақытылы көмек көрсетуінің тиімді құралына айналады, сондай-ақ өңірлер бойынша аса өткір проблемаларға мониторинг жасау үшін деректер көзі болмақ", - дейді Тамара Дүйсенова.

Үкіметтің баспасөз қызметі бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізілетінін атап өтті.