Бүгін, 18:02
Қазақстандағы ең бай әйелдер рейтингі жарияланды
Forbes Women Kazakhstan алғаш рет елдегі ең бай 25 әйелдің рейтингін ұсынды. Тізімге енген қатысушылардың жалпы байлығы 8,1 млрд долларды құрайды.
Рейтингте бірінші орынды Динара Құлыбаева иеленді – оның байлығы 5,4 млрд доллар деп бағаланған. Ал үшінші орынға Дариға Назарбаева жайғасқан, оның капиталы 550 млн доллар.
Сондай-ақ алғашқы бестікке:
Мұқадасхан Ибрагимова – 650 млн доллар;
Анжела Сарсенова – 249 млн доллар;
Айжан Есім – 207 млн доллар кірді.
Басылым мәліметінше, қатысушылар байлығының 85–90%-ы отбасылық және серіктестік активтермен байланысты. Дегенмен, әйелдер бизнес басқаруға белсенді араласып, жаңа бағыттарды дамытып келеді.